MKS KUSTO LOGISTICS
2024 жылғы ақпанда халықаралық Kusto Group холдингіне кіретін "Kusto Logistics Management" ЖШС "MKS Logistics" ЖШС компаниясының бақылаушы үлесін сатып алды. "MKS Logistics" компаниясы Қазақстан мен Өзбекстан нарығында 15 жылдан астам уақыт бойы ірі компанияларға 3PL форматында және одан жоғары деңгейде кең ауқымды логистикалық қызметтер көрсетіп келеді.

Қазіргі уақытта "MKS Logistics" ЖШС Алматы, Астана, Шымкент, Ақтөбе және Ташкент қалаларында орналасқан жалпы аумағы 200 мың шаршы метрден асатын 16 қойма кешендерінде жұмыс істейді. 2023 жылғы табысы 4,5 миллиард теңгеден асты.

Келісімнің шарттарына сәйкес, 2024 жылғы қаңтар айында компания иелері "MKS Logistics" ЖШС-ның меншікті капиталын ұлғайтуға 1,5 миллиард теңгеден астам қаражат салды. Бұл бизнес дамуға, логистикалық қызметтерді 4PL және 5PL форматтарына дейін кеңейтуге, көлік тасымалдарын ұйымдастыруға, логистикадағы инновациялық технологияларды енгізуге, WMS (Warehouse Management System) IT-платформасын жаңғыртуға, фулфилмент қызметтеріне және басқа да мақсаттарға жұмсалады.

Бұл серіктестік аясында Kusto Group өзінің табысты халықаралық тәжірибесін енгізіп, компанияға жаңа деңгейге шығуға, қаржылық тұрақтылық пен сенімділікке қол жеткізуге мүмкіндік береді, бұл сөзсіз клиенттердің сенімін арттырады.

2023 жылдың екінші жартысында "Kusto Logistics Management" ЖШС өзінің еншілес компаниясы "Kusto Logistics" ЖШС арқылы контейнерлерді тасымалдауға арналған 190 жаңа фитинг платформаларды сатып алуға инвестиция салды. Еншілес компания жақсы нәтижелер көрсетіп, 2023 жылғы табысы 1,7 миллиард теңгеден асты.

Алдағы уақытта "Kusto Logistics" ЖШС жергілікті және халықаралық теміржол және автокөлік тасымалдарын кеңейту үшін жылжымалы құрамын ұлғайтуды және өнеркәсіптік логистика қызметтерін дамытуды жоспарлап отыр.

"Kusto Logistics Management" ЖШС-ның стратегиялық мақсаты – бірыңғай экожүйе құру, оған магистральдық теміржол тасымалдары мен қойма орындары және теміржол терминалдары инфрақұрылымы арқылы біріктірілген жергілікті логистика кіретін болады.

2024-2026 жылдар аралығында инфрақұрылымды дамыту үшін Қазақстанның ірі қалаларында контейнерлік терминалдар, А класты қоймалар, жалпы ауданы 100 000 шаршы метрден астам қоймалар, УСҚ аймақтары, фулфилмент орталықтары бар логистикалық орталықтар салу жоспарланып отыр. Олардың барлығы озық технологиялар, жабдықтар және автоматтандыру жүйелерімен жабдықталады.

Мұның бәрі клиенттерге кең ауқымды логистикалық қызметтерді қол жетімді етіп, ең үздік алдыңғы қатарлы технологиялар мен стандарттарды қолдануға мүмкіндік береді. Бұл, жалпы алғанда, олардың сапасын, ассортиментін арттырып, Қазақстан мен Орталық Азиядағы логистика саласының дамуына серпін береді.
ТАРИХЫ
Сапа, қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық талаптар мен стандарттарды сақтау
Бізге хабарласыңыз
Телефон нөмірі:
Алматы: +7 777 555 03 35
Мекенжай:

Алматы қ., Терме көш. 24/1
БІЗДІҢ ТИІМДІЛІГІМІЗ ҚАШЫҚТЫҚТЫ АЗАЙТАДЫ!